Әуе компаниясы өкілінің актісі негізінде көліктегі полиция басқармасының қызметкерлері қоғамдық тәртіпті бұзған 2 жолаушыны ұшақтан түсірді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Олар әуе рейсіне жіберілмеді. Тексеру барысында тәртіп сақшылары 40 жастағы екі шетел азаматының алкогольдік масаң күйде болғанын анықтады. Қоғамдық орында масаң күйде болғаны үшін олар жауапкершілікке тартылды.
Көліктегі ПД азаматтар мен шетел қонақтарын белгіленген тәртіпті сақтауға, айналасындағыларды құрметтеуге және авиациялық қауіпсіздік талаптарына жауапкершілікпен қарауға шақырады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу