Астана әуежайында тұрақ құны 1 тамыздан бастап көтеріледі

485

15 минуттық тегін отырғызу-түсіру жолағына тәулік ішінде үшінші рет немесе одан да көп кірген жағдайда қосымша ақы төленеді.  

Астана әуежайында тұрақ құны 1 тамыздан бастап көтеріледі Фото: inbusiness.kz

1 тамыздан бастап елорда әуежайының автотұрақ тарифіне өзгеріс енеді, деп жазады Inbusiness.kz.

Әуежай баспасөз қызметі хабарлағандай, тамыз айының басынан P1, P2, P3 аймағындағы автотұрақ бағасы 100 теңгеден 200 теңгеге көтеріледі. Ал P4, P5, P6 аймағындағы көлік тұрағының бағасы сағатына 50 теңгеден 100 теңгеге өзгереді.

Сонымен қатар, жолаушыларға ыңғайлы болу үшін жасалған отырғызу-түсіру экспресс жолағын теріс пайдалану фактілерінің көбеюіне және жолаушылардан келген шағымның артуына байланысты 15 минуттық тегін отырғызу-түсіру жолағына тәулік ішінде үшінші рет немесе одан да көп кірген жағдайда жаңа тариф бойынша 300 теңге төлейсіз. 

Автотұрақ тарифінің өзгеруіне коммуналдық тарифтердің өсуі себеп болған.

"Алайда әуежайдағы жабық тұрақтың құны еш өзгеріссіз қалады. Жабық тұрақ ішкі рейстер орындалатын T2 терминалының оң жағында орналасқан. 274 орынға шақталған жабық тұрақтың құны 12 сағатқа 1400 теңге. Тәулігіне 1800 теңге. 12-24 сағат аралығында 2000 теңге", — делінген баспасөз хабарламасында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу