Астана әуежайында жалған ақпарат берген шетелдік жауапқа тартылды

253

Бұл туралы көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Құрмет Мәжікенов хабарлады.   

Астана әуежайында жалған ақпарат берген шетелдік жауапқа тартылды Фото: polisia.kz

Шетелдік азамат тыйым салынған заттар туралы жалған ақпарат бергені үшін ұсталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Астана қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері әуе рейсіне тіркеу кезінде "Астана – Пхукет" бағытындағы ұшаққа отырғалы тұрған 47 жастағы шетел азаматын анықтады. Ол әуе компаниясының өкіліне әзілдеп, өзімен бірге тыйым салынған заттардың бар екенін айтқан. Бұл ақпарат шұғыл тексеріліп, нәтижесінде сөзі расталған жоқ.

Аталған оқиға тіркеу қызметінің жұмысына уақытша кідіріс келтіріп, жолаушылар мен әуежай қызметкерлері арасында алаңдаушылық туғызды.

Көлік полицейлері шетелдік азаматты жауапқа тартып, сот шешімімен 15 тәулікке қамауға алынды.

– Қауіпсіздік қатерлеріне қатысты кез келген әзіл немесе мәлімдеме аса мұқият қарастырылады. Нақты қауіп болмаса да, мұндай әрекеттер қоғамдық тәртіпті бұзып, көлік инфрақұрылымының тұрақты жұмысына айтарлықтай кедергі келтіреді және оның соңы әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады, – деп мәлімдеді көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Құрмет Мәжікенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу