Астана әуежайында жолаушыларға арнап ауызсу станциялары орнатылды

238

Жаңа станциялар орталық су жүйесіне қосылған және сүзгілеу жүйесімен жабдықталған.  

Астана әуежайында жолаушыларға арнап ауызсу станциялары орнатылды Фото: Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі

Астана халықаралық әуежайының терминалдарында жолаушылар мен келушілерге арналған тегін ауызсу станциялары орнатылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мұнда салқын және ыстық суды өз бөтелкеңізге немесе басқа қолайлы ыдысқа тегін құйып алуға болады.

Алдағы уақытта терминалдардың әр аймағында 20-дан астам ауызсу станциясын орнату жоспарланып отыр.

Әуежай жолаушыларға сапардың әр кезеңінде қолайлы жағдай жасауға бағытталған жаңа шешімдерді енгізуді жалғастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу