Астана әуежайында 20-дан аса рейс кешігіп жатыр

233

Ұшу-қону жолағын қардан тазарту жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді. 

Астана әуежайында 20-дан аса рейс кешігіп жатыр Фото: ашық дереккөз

Астана халықаралық әуежайы рейстерге қатысты соңғы ақпаратты ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әуежайдың баспасөз қызметі хабарлағандай, қазір ұшуға тиіс 78 рейстің 6-ы ұшақтың кеш келуіне байланысты кешіктіріліп жатыр.

"Сондай-ақ ұшып келуге тиіс 79 рейстің 15-і кешіктірілді. Ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстер кешікпеді және тоқтатылмады. Ұшу-қону жолағын қардан тазарту жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді", - делінген ресми ақпаратта.

Жолаушылар рейстер туралы ақпаратты және олардың кестедегі ықтимал өзгерістері туралы мәліметті әуекомпаниядан, сондай-ақ Астана халықаралық әуежайының ресми сайтынан www.nn-airport.kz немесе тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығынан 8 (7172) 702-999 біле алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу