Астана әуежайының 600 қызметкері жыл басынан бері төленбеген еңбекақысын алды

629

Астана әуежайының 600 қызметкері жыл басынан бері төленбеген еңбекақысын алды

Астана қаласы Әуе көлік прокуратурасы астаналық әуежай жұмысшыларына 3 млн теңгеден астам еңбекақысының тиісті бөлігін төлетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Прокуратура баспасөз қызметінің мәліметінше, "Халықаралық Астана әуежайы" АҚ-ның жыл басынан бастап демалыс күндерінде еңбекақыны жұмыскердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі негізінде бір жарым еседен төлегендігі анықталған.

Бұл акционерлік қоғамның еңбекақы төлеу ережесіне қайшы. Ол бойынша демалыс күндеріндегі жұмыс үшін екі есе көлемде тариф қарастырылған.

Қадағалау актісін қарау нәтижесі бойынша 600-ден астам жұмысшыға 3 млн теңгеден астам еңбекақы бойынша қарыздар төленді.

Еңбекақы төлеу жөніндегі талаптарды бұзғаны үшін заңды тұлға әкімшілік, екі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу