Астана қаласының Авиациялық көлік прокуратурасымен жасалған меморандум аясында жолаушыларға қызмет көрсету қызметінің 26 жұмыскері үш күндік оқыту курсынан өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Оқу барысында қатысушылар ым тілінде қарым-қатынас жасаудың негіздерімен танысып, есту және сөйлеу қабілеті бұзылған жолаушылармен тілдесу, олардың қажеттіліктерін түсіну және тиісті көмек көрсету дағдыларын меңгерді.
Астана халықаралық әуежайы үшін әрбір жолаушының өзін жайлы әрі қауіпсіз сезінуі маңызды. Мұндай бастамалар қызмет көрсету мәдениетін жетілдіріп, әуежайдағы кедергісіз ортаны дамытуға ықпал етеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу