"Астана Банкі" АҚ салымшыларына өтем төлеу мерзімі ұзартылды

685

Қор мен мен агент банк – Еуразиялық банк арасында тиісті келісімге қол қойылды.

"Астана Банкі" АҚ салымшыларына өтем төлеу мерзімі ұзартылды

Еуразиялық банкі бөлімшелерінде "Астана Банкі" АҚ салымшыларына өтем төлеу мерзімі 2020 жылдың 27 шілдесіне дейін ұзартылды, деп хабарлады ҚДКБҚ баспасөз қызметі

Қор мен мен агент банк – Еуразиялық банк арасында тиісті келісімге қол қойылды.

Бүгінгі таңда "Астана Банкі" АҚ салымшыларына 37 миллиард теңге төленген. Ал агент банкке жүгінбеген салымшылардың алдындағы міндеттемелердің қалдығы бастапқы міндеттемелер сомасынан тек 1%-ды құрайды.

Алайда агент банкке әлі өтініш білдірмеген ірі салымшылар да бар екен: екі салымшыныңкі 10 миллион теңгеден асса, жинақ көлемі миллион теңгеден асатын 30 салымшы бар екен, 346 адамда 100 мың теңгеден, 5 мың адамда 10 мың теңгеден бар.

Еске сала кетсек, "Астана Банкі" АҚ 2018 жылдың 18 қыркүйегінде барлық банктік операцияларды жүргізуге лицензиядан айрылған болатын. 2018 жылдың 26 қарашасында Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен банкті ықтиярсыз тарату туралы шешім қабылданды – бұл шешім 2019 жылдың 9 қаңтарында заңды күшіне енді. 2019 жылдың 26 қаңтарында "Евразиялық банк" АҚ Қазақстандық депозиттерді кепілдендіру қорының атынан және қаражаттары есебінен салымшыларға – жеке тұлғаларға және жеке кәсіпкерлерге өтеуді төлей бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу