"Астана" баскетбол клубының ойыншысы ВТБ лигасында ондыққа енді

738

Америкалық спортшы нәтижесі жөнінен екінші орында, тиімділігі жөнінен төртінші орында, сондай-ақ, допты алыстан торға түсіруден алғашқы ондыққа енді. 

"Астана" баскетбол клубының ойыншысы ВТБ лигасында ондыққа енді Фото: olympic.kz

Баскетболдан біріккен ВТБ мерзімінен бұрын аяқталса да, жанкүйерлерге қызықты матчтар сыйлады. Турнирдің ресми сайты чемпионатта жарқын ойынымен көзге түскен спортшылардың есімін атады, деп жазады Olympic.kz. 

Аз ғана уақытта көзге түскен спортшылар қатарында "Астана" ойыншысы Малькольм Хилл бар. Америкалық спортшы нәтижесі жөнінен екінші орында (20,2 ұпай), тиімділігі жөнінен төртінші орында (19,4 ұпай), сондай-ақ, допты алыстан торға түсіруден алғашқы ондыққа енді. 

Сондай-ақ, команда қорғаушысы "Астананың" маусымдағы барлық матчына қатысқан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу