Турнирге әлемнің үздік 16 командасы қатысады, олардың қатарында Team Spirit, G2 Esports, FURIA Esports және Heroic бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
15–17 мамыр күндері Barys Arena спорт кешенінде Counter-Strike 2 дисциплинасы бойынша халықаралық PGL Astana 2026 турнирі өтеді. Осылайша Астана қатарынан екінші жыл әлемдік киберспорт индустриясындағы ірі жарыстардың біріне алаң ұсынбақ.
Турнирді ұйымдастырушы – PGL Esports SRL. Жарысқа Counter-Strike әлем чемпионы Дәурен Қыстаубаев, FURIA Esports ойыншысы Даниил Голубенко, стример Слава Бустер, PGL турнирлерінің жүргізушісі Джеймс Бэнкс және әлем чемпионы Габриэль Толедо құрметті қонақтар ретінде шақырылған.
Іс-шара ҚР Туризм және спорт министрлігі бекіткен 2026 жылға арналған туристік іс-шаралар күнтізбесіне енгізілген.
PGL Astana 2026 турнирінің өткізілуі оқиғалық туризмнің дамуына серпін беріп, Астананың халықаралық деңгейдегі ірі киберспорттық алаң ретіндегі орнын нығайта түседі.