Көлігі бұзылғанын, оны жоғалтып алғанын айтқан қала тұрғыны полицияға арызданған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сарыарқа ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары барысында 35 жастағы күдікті анықталды. Ол кінәсін мойындаған.
– Ол біраз уақыт көлікті сырттай бақылап жүргенін және иесі жоқ деп ойлағанын айтқан. Тергеу барысында ер адам эвакуатор жүргізушісімен келісіп, оған көлікті ұрлап жатқанын айтпай, темір тұлпарды өз үйіне апарып қойғаны анықталды, – деп жазылған хабарламада.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, ұрланған көлік өз иесіне қайтарылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу