"Astana FINANCE DAYS 2021" конференциясына тіркелу ашылды

726

Astana Finance Days (AFD) – бұл "Астана" халықаралық қаржы орталығы жыл сайын өткізетін өңірлік қаржы форумы. 2018-2020 жылдары AFD әлемнің 100 елінен 13000-нан астам қатысушыны жинады. 2020 жылы форумға 100-ден астам елден 5000-нан астам адам қатысты.

"Astana FINANCE DAYS 2021" конференциясына тіркелу ашылды

1-3 шілдеде АХҚО-ның негізгі стейкхолдерлері мен серіктестері нарықтарға дағдарыстан қалыпқа келуге мүмкіндік беретін инновациялық өнімдер мен қызметтерді ұсынады.

"Өсуді қалпына келтіру" жалпы тақырыбына арналған онлайн-конференция бағдарламасы келесі іс-шаралардан тұрады:

  • Fin&Tech Summit:
  • Visa сессиялары
  • Mastercard сессиялары
  • Fin & Tech
  • Business Connect Форумы
  • Жасыл өсу форумы
  • Макроэкономикалық форум
  • Әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту форумы
  • Білім беру технологиялары форумы
  • АХҚО құқық конференциясы
  • Ислам капитал нарығы жөнінде ISFB-AIFC семинары және т. б.

Онлайн-конференцияның спикерлері мен қатысушылары қатарында жергілікті және шетелдік мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, бизнестің, кәсіби және ғылыми қоғамдастықтың және т.б. өкілдері болады.

Толық ақпарат сайтта қолжетімді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу