"Астана" футбол клубына жаңа директор тағайындалды

506

"Астана" футбол командасының спорт директоры қызметіне Игорь Павлюк тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

"Астана" футбол клубына жаңа директор тағайындалды Фото: kazfootball.kz

Бұған дейін Игорь Владимирович "Астана" ФК негізгі құрама командасының аға әкімшісі және футбол орталығының менеджері қызметтерін атқарған.

Футбол саласындағы мансабын 1997 жылы шортандылық "Автомобилист" командасының кәсіби ойыншысы ретінде бастаған. 2005 жылға дейін "Химик" Степногорск қ, "Астана", "Жеңіс", "Ақмола" Степногорск қ, "Екібастұздық-БК", "Есіл" Көкшетау қ, "Оқжетпес" командаларында өнер көрсеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу