Астана халықаралық әуежайы түнде жұмыс істемейді

350

Мұндай өзгеріс Астана халықаралық әуежайында орындалатын рейстерге ұшу-қону жолағына күрделі жөндеу жүргізуге байланысты енгізілді, - деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Астана халықаралық әуежайы түнде жұмыс істемейді Фото: egemen.kz

Астана халықаралық әуежайы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2024 жылғы 1 мамырдан бастап жөндеу аяқталғанға дейін, жергілікті уақыт бойынша сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін елорда әуежайының әуеайлағында ұшақтарды қабылдау және ұшу тоқтатылады.

Осыған байланысты Астанадан/Астанаға орындалатын әуекомпаниялардың рейс кестесіне өзгерістер енгізіледі.

"Жолаушылардан сапарларын алдын ала жоспарлауын және әуекомпаниялардың анықтамалық қызметтері, қосымшалар мен әуежай қызметтері, сондай-ақ әуекомпаниялардың хабарламалары сияқты барлық қолжетімді ақпарат көздерін пайдалануды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу