Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин Astana Hub қызметіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Біз бюджеттен бөлінетін қаржыландыруды біртіндеп азайтамыз. Ал Astana Hub өз аумағында орналасқан резиденттердің есебінен өзін-өзі қаржыландыратын деңгейге көшеді. Алдағы 2-3 жыл ішінде Astana Hub толықтай өзін-өзі қамтамасыз ететін деңгейге жетеді деп күтіледі", – деді Ростислав Коняшкин.
Журналистердің бұл 2029 жылы бола ма деген сұрағына вице-министр оң жауап берді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу