Astana Hub Инновациялық технологиялар паркімен бірігеді

187

Сенат тиісті заңды мақұлдады. 

Astana Hub Инновациялық технологиялар паркімен бірігеді Фото: gov.kz

Сенат Мәжіліс қабылдаған "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне инновациялық қызмет саласын мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру және мемлекеттік статистика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды екі оқылымда қарап, мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Заңның мақсаты – инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау жүйесін одан әрі жетілдіру және жаңа технологиялар енгізу мен Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасау. Заң 2 Кодекске және 10 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

"Astana Hub" халықаралық технологиялық паркі мен "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қорын "Astana Hub" дербес кластерлік қорына біріктіру шеңберінде ұғымдық аппаратты сәйкестікке келтіру, сондай-ақ Қордың функцияларын және инновациялық қызметті қолдау құралдарын оңтайландыру бөлігінде және т. б. түзетулер енгізіледі", – делінген қорытындыда.

Қорды қаржыландыруды жетілдіру бөлігінде мынадай түзетулер:

- Қордың мүлкін алымдар мен төлемдердің орнына мүшелік жарналар есебінен қалыптастыру;

- Қордың мүлкінен қатысушылардың ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық жұмыстарын және (немесе) жобаларын жыл сайын қаржыландыру жөніндегі міндеттемелерді орындау шеңберінде жер қойнауын пайдаланушы жіберген ақшаны алып тастау көзделеді.

Венчурлік нарықты дамыту мақсатында венчурлік қорларды қоса қаржыландыру жөніндегі инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну мен іске асырудың тиімділігін бағалау тетігін енгізу, сондай-ақ жеке венчурлік инвесторларды қоса қаржыландыруды болдырмау бөлігінде түзетулер енгізіледі.

Цифрлық платформаны – Ұлттық инновациялық жүйенің бірыңғай терезесін одан әрі дамыту шеңберінде инновациялық даму саласындағы ақпаратты беруге жауапты уәкілетті мемлекеттік органдарды айқындау жөнінде түзетулер енгізіледі.

Бұдан басқа, Заңда байланыс операторларының және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс желілері иелерінің статистикалық қызметті жүзеге асыру үшін абоненттер туралы иесіздендірілген деректерді мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға ұсынуына қатысты түзету көзделеді.

Айта кету керек, бұған дейін "Astana Hub" пен "Инновациялық технологиялар паркі" біріктірілуі мүмкін екенін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу