Astana Hub-та тіркелген 5 компания криптовалюта өндірумен айналысқан

1310

Олар 8,5 млрд теңге көлемінде заңсыз салықтық жеңілдік алған.

Astana Hub-та тіркелген 5 компания криптовалюта өндірумен айналысқан Фото: Дәурен Ерболатов

Astana Hub халықаралық технопаркінде тіркелген 5 компания криптовалюта өндірумен айналысты. Бұл туралы Есеп комитеті Мемлекеттік аудит жүргізу бөлімінің басшысы Ақылбай Ыбыраев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, аудит барысында халықаралық технопарктің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келмейтін жобалар жүзеге асырылғаны анықталды.

"Astana Hub-те 5 компания тіркелді. Оның ішінде тек бір компания  ресми түрде "майнер" ретінде тіркелген. Олар көбінесе криптовалюта өндірумен айналысқан. Осылайша, 2021 жылғы 1-3 тоқсанында бұл компанияларға 8,5 млрд теңге көлемінде заңсыз салық преференциялар берілген", – деді Ақылбай Ыбыраев Есеп комитетінің кулуарында.

Оның айтуынша, қалған 4 компания стартап ретінде тіркелген.

"Astana Hub технопаркінің негізгі мақсаты – IT cаласына инвестиция тарту мен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру. Мұндай мәселе заңның шикілігінен болып тұр. Біз Үкіметке заңдағы осы олқылықты жоюға ұсыныс береміз", – деді бөлім басшысы.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу