Астана іргесінде ет өңдейтін зауыттың құрылысы басталды

745

Биылғы жылдың соңына қарай қолданысқа берілмек. 

Астана іргесінде ет өңдейтін зауыттың құрылысы басталды

Астана іргесінде ет өңдейтін зауыттың құрылысы басталды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Арман Евниев мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Оның айтуынша, Ақмола облысында салынып жатқан кешен жылына 5 мың тонна ет  өндеуге қауқарлы екен. Биылғы жылдың соңына қарай қолданысқа берілмек. Зауыт іске қосылса, біраз адамды жұмыспен қамтиды. Одан бөлек қаладағы ет өнімдерінің бағасын арзандатуға септеспек.

Астананың азық-түлік белдеуі Ақмола облысының 17 ауданын және Қарағанды облысының 4 ауданын қамтиды. Аталған аумақтардан елордаға 12 түрлі өнім жеткізіледі екен. Дегенмен сүт өнімдері әлі де тапшы. Сондықтан мамандар осы мәселені дереу шешу керектігін айтады. Сондай-ақ арадағы делдалдардан құтылудың амалын ойластырмақ.

Депутаттардың айтуынша, алып-сатарлардың кесірінен қалаға жеткізілетін тауарлардың құны күрт қымбаттап кетеді.

"Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде біраз түйткіл бар. Әсіресе олардың сапасына қатысты мәселе көп. Арнайы топтың ай сайынғы жүргізетін тексеріс нәтижесіне сүйенсек, Астанаға жеткізілетін 55 мың тауардың талапқа сай келмейтіні анықталған. Көбі сапасы нашар өнімдер. Сондықтан біз ең әуелі тауарлардың талапқа сай болуын жіті қадағалауымыз керек. Одан кейін делдалдармен күрес жүргізу керек. Ол үшін Астанада азық-түлік қоймаларын көптеп салу қажет. Сол кезде өнім өндірген шаруалар ешкімнің көмегіне жүгінбей-ақ тауарларын әлгі қоймаларға қоя алады", – ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Сергей Звольский.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу