Астана қаласының агломерациясына аймақтың 123 ауылы кірді

944

Астана қаласының агломерациясына аймақтың 123 ауылы кірді

Астана қаласының агломерациясына Ақмола облысының Шортанды, Аршалы және Целиноград аудандарынан бас-аяғы 123 ауыл кірді, деп хабарлайды 24kz.

Енді осы елді мекендерді дамытуға аса қатты мән беріледі. Олардың инфрақұрылымын дамытып, әлеуметтік нысандар салуға жергілікті, облыстық, тіпті республикалық қазынадан қаржы бөлінбек. Мәселен, бір ғана Целиноград ауданының өзінен 49 ауыл елордамен бірге дамитын болады. Сол арқылы осы ауылдардағы көптеген күрделі мәселе өз шешімін табатын болады. Мәселен, Қосшы мен Қоянды ауылдарында жаңа мектеп салынады. Талапкер мен Қараөткелден бөлек, тағы да 20 шақты ауылдың жолдары жөнделеді. Балабақшалар салынып, ауылдардағы ауызсу мәселесі шешіледі.

"Қазіргі уақытта 3 мектеп салынып жатыр. Тағы да 8 мектеп жоспарланып отыр. Жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Тағы да 12 балабақшаға жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда", –дейді Целиноград ауданының әкімі Малғаждар Тәткеев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу