18 наурызда "Астана – Қарағанды – Алматы" автожолының Балқаш қаласы жағынан Қарағанды бағытына қарай, Ақшатау кентінен 40 шақырым жерде үш адамның өліміне алып келген жол-көлік оқиғасы болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Chevrolet Cobalt автокөлігін басқарған 30 жастағы жүргізуші ұзақ бұрылыста көлікті тізгіндей алмай, салдарынан көлік аударылып кеткен.
Жол апаты салдарынан 3 адам қаза тапты. Олар: жүргізуші мен оның екі жолаушысы. Барлығы оқиға орнында көз жұмды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптама тағайындалды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу