Астана – Қарағанды – Алматы тасжолында жаңа жылдамдық өлшегіштер орнатылды

124

Камералар Балқаш қаласынан Сарышаған кентіне дейінгі учаскеде орнатылған.

Астана – Қарағанды – Алматы тасжолында жаңа жылдамдық өлшегіштер орнатылды Фото: gov.kz

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, құрылғылар Тораңғалық және Гүлшат кенттері маңындағы аркаларға орналастырылған. Камералар қозғалыстың екі бағыты бойынша да жылдамдық режимінің бұзылуын тіркейді. Бұл учаскеде жылдамдық шектеуі – 110 км/сағ, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар 6 наурыздан бастап Қарағанды қаласында да жаңа жылдамдық өлшегіш жұмыс істей бастайды. Ол Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 25 мекенжайында, №3 гимназияның маңында орнатылған. Бұл жерде рұқсат етілген жылдамдық – 40 км/сағ.

Полиция жүргізушілерді маршруттардағы өзгерістерді ескеруге, белгіленген жылдамдықты сақтауға және жолда мұқият болуға шақырады. Бұл айыппұлдардан сақтануға және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу