Астана күніне орай шыққан журналдың негізгі мақсаты – Қазақстан тарихын танымдық тұрғыдан бүгінгі сарынға сай, жеңіл тілде жеткізу. Сондай-ақ, басылым инфографика, сапалы суреттер мен әсерлі дизайнмен ерекшеленбек, деп хабарлайды strategy2050.kz.
Басылымның алғашқы саны айтулы мереке - Астананың туған күніне орай "Бозоқтан Астанаға дейін" деген атаумен жарық көрді.
"Қазконтент" АҚ басқарма төрағасы Евгений Кочетовтің айтуынша, журнал қазақ және орыс тілдерінде айына бір рет шығып отырады.
Электронды басылымның жалпы көлемі – 50 бет.
Ел сүйсінген елордамыз 20 жыл ішінде әлемді мойындатып қана қоймай, әлемдік тұрғыдағы айтулы оқиғалар орын алатын басты алаңға айналды.
Жаңашыл журналда әсем Астананың тағылымды тарихымен қатар бүгінгі жарқын да жайлы өмірінен баян ететін тың мәліметтер, әсерлі әңгімелер мен қызықты естеліктер, инфографикалар жарияланды.
Тұсауы кесілген NDH DIGEST желілік журналы – болашақта терең тарихымыз бен тұғырлы тәуелсіздігімізді жырлайтын басты танымдық ақпарат құралы боларына сенімдіміз. Журналды мына сілтеме арқылы көшіре аласыздар.