Astana LRT экс-басшысы Талғат Арданды қамауға алуға ордер берілді

1544

Ордер экс-шенеунік тығылып отырған елге жіберілген.

Astana LRT экс-басшысы Талғат Арданды қамауға алуға ордер берілді

Astana LRT компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Арданды  қамауға алуға сырттай ордер берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Интерфакс-Қазақстанға" сілтеме жасап.

"Талғат Арданның қай мемлекетте жүргені анықталды. Сот оны сырттай қамауға алуға санкция берді. Аталған елдің құқық қорғау органдары оның қайда екенін анықтап, ұстау бойынша іс-шаралар жүргізіп жатыр. Талғат Ардан ұсталған жағдайда оны дереу экстрадициялау үшін материалдар жіберіледі", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері.

Сондай-ақ ведомствода Astana LRT экс-басшысының көмекшісі – елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековтың АҚШ-та екені, оны экстрадициялау үшін материалдар жіберілгенін атап өтті.

"Бүгінде Қазақстанның Бас прокуратурасы халықаралық құқық нормаларына сәйкес оны елге қайтару бойынша шаралар қабылдап жатыр", - деді агенттік мамандары.

Айта кетейік, 28 мамырда Astana LRT ісі бойынша сот үкімі шыққан еді.

Нұр-Сұлтандағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының осыған дейінгі отырысында прокурор Диас Янгалышев айыпталушыларға 7-11 жыл аралығында жаза беруді сұраған. Сотталушыларға 5,8 млрд теңгені жымқырды деген айып тағылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу