Astana LRT операторлары оқытудың екінші кезеңін аяқтады

103

18 станция 80%-дан астам дайын. 

Astana LRT операторлары оқытудың екінші кезеңін аяқтады Фото: City Transportation Systems

LRT пойыздарының операторларын даярлау бағдарламасының екінші кезеңі аяқталды. 29 маман Қытайдың Тяньцзинь қаласында оқудан өтіп, қорытынды емтихандарды сәтті тапсырды және біліктілігін растайтын сертификаттар алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"City Transportation Systems" компаниясының хабарлауынша, оқыту үш сатылы жүйе бойынша жүргізіледі. Алдымен – Астанадағы базалық курс, одан кейін шетелде тереңдетілген теория, тренажерларда жұмыс және практикалық тағылымдама. Соңғы кезең – елордадағы LRT құрамдарында тағылымдама, жүйені сынақтан өткізуге қатысу және желіге шығу.

Бағдарлама мамандарды тек пойыз жүргізуге ғана емес, сонымен қатар қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құрамдарды күтіп ұстауға және ықтимал ақауларды жоюға үйретуге бағытталған.

Астанадағы сабақтарды Тяньцзинь метрополитенінің және Чжэнчжоу теміржол кәсіби-техникалық институтының (ҚХР) оқытушылары жүргізді. Практикалық бөлігі Тяньцзинь метрополитенінің сарапшыларының жетекшілігімен өтті. Ол Қытайдағы ең көне әрі ірі метрополитендердің бірі.

Бағдарламаға еліміздің әртүрлі өңірлерінен 140 үміткердің ішінен 29 адам іріктелді. Олардың көпшілігі – теміржолшы әулеттерінің өкілдері.

LRT жобасының келесі кезеңінде Астанада сынақтық іске қосу және жаңа құрамдардың келуі көзделген. Бүгінгі таңда 22,4 км рельстік жол төселді, 18 станция 80 % астам дайын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу