Astana Media Week: "Жылдың үздік баспасөз қызметі" анықталды

505

Astana Media Week форумының аясында "Жылдың үздік баспасөз қызметі", "Үздік баспасөз хатшысы" сыйлығының иегерлері анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Astana Media Week: "Жылдың үздік баспасөз қызметі" анықталды Фото: facebook.com/darhan.hidirali

Марапатты ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі табыстады. "Ақпарат саласының үздігі" төсбелгісімен Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Әсел Артақшинова, Энергетика министрлігінің баспасөз хатшысы Жансая Хамитқызы, Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров және Қарағанды облысы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы Марина Шапавалова марапатталды.

Ал, "Жылдың үздік баспасөз қызметі" сыйлығы Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметіне бұйырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу