Астана мен Алматы әуежайларында бірқатар бағыттағы рейстер кешігуде

879

Астана мен Алматы әуежайларында бірқатар бағыттағы рейстер кешігуде

Алматы мен Астана халықаралық әуежайларында бірқатар бағыттағы ұшақтардың ұшуы кешіктірілуде, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Алматы халықаралық әуежайының онлайн-таблосында Атырауға қатынайтын Air Astana компаниясының КС877 рейсі және Үржарға қатынайтын ZXA529 рейсіне ұшу тоқтатылғаны хабарланған. Сонымен қатар, Қызылорда (КС976), Павлодар (КС308), Астанадан (КС852) ұшып келетін рейстерінің ұшу уақыты кешіктірілді, ал Үржардан және Атыраудан ұшып келетін ZXA530, КС878 рейстерінің ұшуы тоқтатылды. Астана әуежайында Атырауға қатынайтын "China Southern" әуекомпаниясының CZ6013 рейсі кешігуде және Bek Air компаниясының Қызылордаға ұшатын Z92041 рейсі ауа райына байланысты ұшпайтын болды. 


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу