Астана мен Алматыда Арменияның зергерлік үйі пайда болады

939

Астана мен Алматыда Арменияның зергерлік үйі пайда болады

Арменияның "Армения зергерлік үйі" сауда-көрмелік павильоны Астана мен Алматыда ашылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің Ереван қаласына сапары аясында сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Армения үкіметаралық комиссиясының 7-ші отырысы кезінде белгілі болды, деп хабарлайды kapital.kz.

Қазақстандық тарапты Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаиров, армян тарабын Армения Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары Роберт Арутюнян басқарды.

ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаиров қолда бар мүмкіндік пен әлеует толыққанды пайдаланылып отырмағанын атап өтті. Екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты мақсатты түрде жандандырып, екі елдің бизнес-ортасын тікелей байланыстыратын шаралар қабылдау керектігін айтты.

Үкіметаралық отырыстың қорытынды хаттамасына Қазақстан Республикасының мнвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек пен Армения Республикасының экономикалық даму және инвестиция министрі Сурен Караян қол қойды.

Қазір әлемде армян зергерлерінің "Авакян", "Татеосян", "Ара Вартанян", Алекс&Ани" атымен белгілі брендтері бар. Енді армянның осы брендтерінің елімізде танылуы мақсатында сауда-көрмелік павильоны басты қалаларда ұйымдастырылмақ.

Тараптар келесі Үкіметаралық комиссия отырысын 2018 жылы Астана қаласында өткізуге уағдаласты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу