Желтоқсанда Астана мен Бангкок арасында тікелей рейс ашылады

435

Бұл туралы Air Astana әуекомпаниясы хабарлады.  

Желтоқсанда Астана мен Бангкок арасында тікелей рейс ашылады Фото: introducingbangkok.com

Қазақстанның халықаралық маршруттық желісін кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру жұмыстары жалғасып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

2026 жылғы 11 желтоқсаннан бастап Air Astana авиакомпаниясы Астана – Бангкок (Таиланд) бағыты бойынша тікелей рейстерді орындау жоспарланып отыр.

Рейстер аптасына екі рет Airbus A321LR әуе кемелерімен орындалады.

Жаңа әуе бағыты іске қосылғаннан кейін Қазақстан мен Таиланд арасындағы рейстердің жалпы саны 4 бағыт бойынша аптасына 20 рейске дейін ұлғаяды.

Қазіргі уақытта Таиландқа мынадай бағыттар бойынша рейстер орындалады:

  • Алматы – Пхукет, аптасына 7 рейс (Air Astana);
  • Алматы – Бангкок, аптасына 9 рейс (Air Astana – 6, Thai AirAsia X – 3);
  • Шымкент – Бангкок, аптасына 2 рейс (SCAT).

Екі мемлекеттің астаналары арасындағы жаңа әуе бағыты туристік және іскерлік сапарлар үшін мүмкіндіктерді кеңейтіп, Қазақстан мен Таиланд арасындағы байланыстарды одан әрі нығайтуға ықпал етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу