Астана мен Бурабай арасында әуе рейсін іске қосу жоспарланып отыр

198

Бұл туралы өңір басшысы Марат Ахметжанов Астанадағы Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.  

Астана мен Бурабай арасында әуе рейсін іске қосу жоспарланып отыр Фото: ortcom.kz

Бурабай курорттық аймағын 2029 жылға дейін дамытудың кешенді жоспары бекітілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың айтуынша, "Щучинск-Бурабай курорттық аймағы елде туризмді дамытудың үш орталығының бірі болып айқындалды.

"Бұл жол жүру уақытын қысқартуға мүмкіндік береді және туризмді дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады", – деп атап өтті Ахметжанов.

Әкімнің айтуы бойынша, биыл курорттың ең көркем жерлерінде 8 алаң, қазіргі заманғы веложол салынған. Ойын элементтері бар бірегей Бөлектау эко жаяу жолы ашылды.

Маусымда алғаш рет тікұшақ экскурсиясы іске қосылды. Сонымен қатар Астанамен тікелей қатынас орнату үшін шағын әуежай ашу мәселесі пысықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу