Астана мен Санкт-Петербург арасындағы әуе қатынасы қайта жанданды

388

 Бұл туралы Астана әуежайы мәлімдеді.

 Астана мен Санкт-Петербург арасындағы әуе қатынасы қайта жанданды Фото: Астана әуежайы

"Россия" әуе компаниясы Астана мен Санкт-Петербург қалалары арасындағы тікелей рейстердің қайта іске қосылғанын хабарлады. Тұрақты әуе қатынасы 3 маусымнан басталады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Рейстер Airbus A319 ұшақтарымен, "эконом" және "бизнес" сыныптарынан тұратын екі класты конфигурацияда орындалады. Жазғы кестеге сәйкес, аптасына үш рейс жоспарланған: Астанадан ұшулар – дүйсенбі, бейсенбі және сенбі күндері, ал Санкт-Петербургтен – сейсенбі, жұма және жексенбі күндері.

Бұл бағыт жолаушылар арасында сұранысқа ие болады деп күтіліп, Астана мен Санкт-Петербург арасындағы туристік және іскерлік байланыстың артуына ықпал етпек.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу