Астана орталығында дәрет сындырған шетелдіктерге Қазақстанға кіруге тыйым салынды

352

Шектеу мерзімі – 5 жыл.    

Астана орталығында дәрет сындырған шетелдіктерге Қазақстанға кіруге тыйым салынды Фото: ЖИ көмегімен жасалды/inbusiness.kz

Бұл туралы Астана қалалық полиция департаменті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Елордада дәрет сындырған екі шетелдікке 5 жыл мерзімге Қазақстанға кіруге тыйым салынды. Әлеуметтік желіде шетелдік азаматтың Достық көшесі бойындағы мекемелердің бірінің маңында дәрет сындырғаны жайлы видео тарады.

"Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті бұзғандардың кім екенін анықтады. Олар 35 және 49 жастағы шетел азаматтары болып шықты. Олар Қазақстан Республикасының аумағынан шығып үлгерген. Соған қарамастан кінәлілерге 5 жыл мерзімге Қазақстанға кіруге тыйым салынды", – деп хабарлады полиция департаменті.

Осы факт бойынша ҚР Ішкі істер министрлігі бұл адамдарға қатысты тиісті шаралар қабылдау үшін ҚР Сыртқы істер министрлігін хабардар етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу