"Астана–Петропавл" автожолында жүк көлігі төлемақы алу пунктіне соқтығысты

341

Дене жарақатын алған жүргізушіге шұғыл медициналық көмек көрсетілді. 

"Астана–Петропавл" автожолында жүк көлігі төлемақы алу пунктіне соқтығысты Фото: t.me/qazavtojol

Оқиға 26 қаңтарда сағат 13:40 шамасында "Астана – Петропавл" автожолының 18-шақырымында болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алдын ала мәліметтер бойынша, "МАЗ" маркалы жүк көлігінің тежегіші істен шығып, жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай қалған. Содан кейін жүк көліктеріне арналған жолақтағы төлем алу терминалына соқтығысқан.

Оқиға салдарынан "ҚазАвтоЖол" компаниясына материалдық залал келтірілді.

Атап айтқанда, төлем терминалы механикалық зақымданып, құрылымның орналасу тығыздығы мен геометриясы бұзылған, көлік құралдарының өтуін тіркеу жабдықтары істен шыққан, сондай-ақ электр қуаты мен байланыс кабельдері үзілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу