Арнайы мониторинг барысында Айтматов көшесінде топырақ ұрланып жатқаны анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бейнебақылау камералары жоқ тұстарда құқық бұзушылықтарды анықтау үшін елордалық полиция дрондар мен қалалық ортаны бақылайтын өзге де заманауи технологиялар қолданады.
Мемлекеттік тіркеу нөмірлерін тану жүйесі арқылы 2 жүк көлігі анықталды. Ақпарат жедел түрде полиция қызметкерлеріне жолданды.
Полиция қызметкерлері көлік жүргізушілерін анықтап, оларды жауапқа тартты. Жүк көліктері коммуналдық тұраққа қойылды. Аталған дерек тіркеліп, материалдар Астана қаласының экология департаментіне жолданды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу