Астана процесінің арқасында Сириядағы қарулы қақтығыстар тоқтады - сарапшы

472

Бұл туралы Таяу Шығыс мәселелері жөніндегі сарапшы Ақмарал Баталова айтты.

Астана процесінің арқасында Сириядағы қарулы қақтығыстар тоқтады - сарапшы Фото: Ашық дереккөзден

Астана процесі өзінің тиімділігін көрсете білді. 

"Астана процесінің аясында Сирия жерінде шииттік Иран мен сүниттік Түркия кездесті. Бұл – түрлі конфессияның екі елі келіссөз үстелінде өзара әрекеттесе алатынының жарқын мысалы. Түркия НАТО-ның мүшесі ретінде, ал Иран мен Ресей НАТО-ның оппоненттері ретінде осы алаңда (ред. - Астана процесі аясында) тіл табысты",  - деді Таяу Шығыс мәселелері жөніндегі сарапшы Ақмарал Баталова Астана форматында өткен Сирия бойынша ХХ халықаралық кездесу кулуарында. 

Бұдан бөлек Түркия мен Ресейдің ымыраға келуі де осы алаңда жүзеге асты, деп жалғастырды ол.

"Ең басты нәтиже – Астана процесінің арқасында Сириядағы қарулы қақтығыстар тоқтады. Сондай-ақ, Сирия Араб отбасына оралды. Тағы бір нәтиже – бұл процесс аясында қатысушылар саяси дағдарысты реттеу жөніндегі Конституциялық кеңесті құрды. Яғни, Сирия Конституциясына өзгерістер енгізу туралы. Бұл кеңестің отырыстары қазір Швейцарияда өтеді. Алайда Астана процесінің кепілгерлері Швейцария Украинадағы қақтығысқа деген көзқарасымен бейтарап мәртебесін жоғалтқандықтан наразылығын білдірді. Осыған байланысты қазір Астана процесінің елдері Конституциялық Кеңестің отырысын басқа бейтарап елге көшіргісі келеді", - деп атап өтті спикер.

Ақмарал Баталованың сөзінше, бұдан бөлек астана процесі аясында босқындарды қайтару жұмыстары да басталды.

РФ Президентінің Сирия жөніндегі арнайы өкілі Александр Лаврентьев Сирия бойынша кездесудің орны аумақтық тұрғыдан өзгеретінін атап өтті.

"Келесі кездесу Астана форматында өтетінін айтқым келеді. Астана форматын өткізу Астанада негізі қаланды. Яғни бұл үш кепілгер елдің – Ресей, Иран және Түркияның өзара ынтымақтастығы бойынша формат. Ол жұмысын жалғастырады. Себебі өзінің тиімділігін дәлелдей түсті. Бұл – түрлі бағыттарда нақты шешімдерді қабылдауға ықпал еткен жалғыз формат", - деді спикер Сирия бойынша ХХ халықаралық кездесу кулуарында.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу