Астана қаласының прокуратурасы мемлекетке келтірілген залалды өтеу бағытында бірқатар жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
2026 жылдың басынан бері елордалық прокурорлар жалпы сомасы 9,8 млрд теңгеге 11 талап қою енгізді.
Солардың бірі бойынша қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сот Астана тұрғынын жалған шот-фактуралар жазып бергені үшін соттаған.
Сотта анықталғандай, 2021-2022 жылдары азамат өзі атынан әрекет еткен ЖШС арқылы нақты жұмыс атқармай және қызмет көрсетпей, жалған электрондық шот-фактураларды рәсімдеуді ұйымдастырған. Нәтижесінде мемлекет бюджетіне тиісті салықтар төленбеген.
Осыған байланысты қала прокуратурасы мемлекетке келтірілген залалды өтеу туралы талап қойды. Сот прокурордың талабын қанағаттандырып, сотталған азаматтан мемлекет кірісіне 304 млн теңгеден астам қаражат өндірілді.
Мемлекетке келтірілген залалды өтеу прокуратура органдары жұмысының негізгі бағыттарының бірі саналады және бұл мәселе тұрақты бақылауда.