Астана – Семей бағытындағы Stadler пойыздарында әйелдерге арналған вагон сақталды

523

Жаңа пойыз Астанадан Семейге қарай 13 қарашада жолға шығады.

Астана – Семей бағытындағы Stadler пойыздарында әйелдерге арналған вагон сақталды Фото: rail-news.kz

"Жолаушылар тасымалы" АҚ №153/154 "Нұрлы жол – Семей" бағыты бойынша қатынайтын Stadler пойыздарында әйелдер вагоны қызметі сақталғанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Әйелдерге арналған вагон жолаушылардың сапар кезіндегі жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Бұл вагондарға билеттер тек әйелдерге сатылады және жолаушыларға тек әйел жолсеріктер қызмет көрсетеді.

Сонымен қатар, әйелдер вагонында 7 жасқа дейінгі ұл балалардың жүруіне рұқсат етіледі. Әйелдер вагонындағы билет бағасы осы санаттағы басқа вагондардың билет құнымен бірдей.

Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан немесе теміржол вокзалдарының кассаларынан сатып алуға болады. Онлайн билет сатып алу кезінде әйелдер вагоны "ЖН" белгісімен көрсетіледі.

Қосымша ақпаратты 1433 тегін байланыс нөмірі арқылы алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу