"Астана – Талдықорған" бағытында жаңа теміржол бағдары іске қосылды

116

Жаңа бағытта соңғы үлгідегі RWS Wagon вагондары қатынайды.  

"Астана – Талдықорған" бағытында жаңа теміржол бағдары іске қосылды Фото: t.me/railways_kz

Бұл бастама тұрғындардың өтініші бойынша қолға алынды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Пойыз құрамында екі купе және екі плацкарт вагоны бар. Күн ара қатынайтын жаңа бағыт Астана мен Жетісу облысы арасындағы тұрақты қатынасты жолға қояды.

Астанадан шыққан вагондар алдымен №122/121 "Нұрлы жол – Семей" пойызының құрамында жүреді. "Ақтоғай" бекетінде олар №631/632 "Ақтоғай – Талдықорған" пойызына тіркеліп, әрі қарай Талдықорған станциясына дейін барады.

"Пойыз Астанадан (Нұрлы жол) 9 сәуірден бастап тақ күндері сағат 06:32-де аттанып, Талдықорғанға келесі күні 11:05-те жетеді. Кері бағытта Талдықорғаннан 10 сәуірден бастап жұп күндері сағат 12:15-те шығып, Астанаға 19:30-да келеді. Жол жүру уақыты шамамен 28 сағатты құрайды", – делінген ұлттық компания таратқан хабарламада.

Вагондардың ішкі интерьері мерзімінен ерте тозуды болдырмайтын арнайы материалдардан жасалған. Сондай-ақ, мұнда климат-бақылау мен ауа тазарту жүйелері, жиналмалы жатын орындар, USB-порттар мен 220В розеткалар, Wi-Fi, LED-жарықтандыру және сапалы жылу оқшаулағыш орнатылған. 

Жолаушылар қауіпсіздігі үшін бейнебақылау, өрт сөндіру жүйелері және кондиционер қарастырылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу