"Астана тұрақ кеңістігі" Антикор мәлімдемесін теріске шығарды

670

Елордадағы ақылы тұрақтардың заңға қайшы жұмыс істегенітуралы мәлімет шындыққа жанаспайды.

"Астана тұрақ кеңістігі"  Антикор мәлімдемесін теріске шығарды Фото: Колеса

"Астана тұрақ кеңістігі"  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігін жалған ақпарат таратты деп айыптап отыр. Тіпті антикорға  қарсы сотқа  талап-арызын дайындап жатыр екен. Қазіргі уақытта бас қаланың барлық ақылы автотұрақтары мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына және елорда әкімдігі бекіткен ережелерге сәйкес жұмыс істейді,-делінген ұйымның ресми жауабында. 

"Бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде таратқан тұрақ ақысын заңсыз алу туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. "Жол қозғалысы туралы" және "ҚР астанасының мәртебесі туралы" заңға сәйкес автотұрақтардың нақты орналасқан жері 2021 жылғы 19 қарашадағы тұрақ орындарын анықтау туралы шарт пен қаулыларда айқындалған", делінген "Астана тұрақ кеңістігі" ЖШС баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Айта кетсек, кеше баспасөз конференциясында Антикор өкілі Саян Ахметжанов Астанадағы ақылы тұрақтардан негізсіз төлем алынғанын мәлімдеді. 

Оның сөзінше, жоғары лауазымда отырған шенеуніктердің бірі елордадағы ақылы автотұрақтарды монополияға айналдыруға көмектескен. Нәтижесінде компания мемлекеттік органдардың келісімінсіз 5 мыңнан астам жер учаскесінде тұрақ жасаған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу