Астана тұрғындары арасында әлеуметтік эксперимент жүргізілді

131

Ұйымдастырушылар Есіл өзенінің жағасындағы жаяу жүргіншілер көшесіне бос бөтелкелерді, қағаздармен басқа да қоқыстарды тастап кетеді. 

Астана тұрғындары арасында әлеуметтік эксперимент жүргізілді Фото: gov.kz

Әлеуметтік эксперимент елорда тұрғындарының экологиялық мәдениетті қалай сақтайтынын және қоршаған ортаның тазалығына қамқорлығын анықтауға көмектесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Ұйымдастырушылар Есіл өзенінің жағасындағы жаяу жүргіншілер көшесіне бос бөтелкелерді, қағаздармен басқа да қоқыстарды тастап кетеді.

Түсірілім тобы өтіп бара жатқан адамдардың жерде жатқан қоқыстарды көтеріп жатқанын және оны арнайы қоқыс жәшіктеріне салатынын бақылап отырды.

Әлеуметтік эксперимент барысы жасырын камераға түсіріледі. Елорда тұрғындары қоршаған ортаның тазалығына бей-жай қарамай, жерде жатқан қоқыстарды арнайы жәшікке тастайтынын байқауға болады.

"Біз Астана тұрғындарының тазалықты сақтағанын көрдік. Бұған бір сағаттай қарап көз жеткіздік. Ересектер де, балалар да жерде жатқан қоқыстарды арнайы қоқыс жәшігіне тастайтынын көріп қуандық. Бәріміз айналамыздағы тазалыққа жауаптымыз. Коммуналдық саланың қызметкерлері ғана емес, әрбір тұрғын біздің қаламыздың таза әрі жайлы болуына өз үлесін қосуы тиіс деп санаймыз", - деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Астанада "Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі" ауқымды экологиялық акциясы өтіп жатыр. Бұл апта "Мөлдір бұлақ" деп аталады, оның барысында су айдындары – өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылады.

Ауқымды экоакция аясында қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық кәріз желілері, көшелерді, тротуарларды, кварталішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, жасыл желектерді күтіп-баптау және отырғызу, сауда нысандарына іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарларды орнату, рұқсат етілмеген полигондарды жою және т.б. жұмыстар жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу