2 маусымнан бастап Қазақстан мен Моңғолия арасында тікелей әуе қатынасы ашылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Елшінің айтуынша, жаңа рейстің іске қосылуы – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылы Моңғолияға жасаған мемлекеттік сапары мен Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүхтің биыл Қазақстанға жасаған сапары қорытындысында қол жеткізілген келісімдердің маңызды нәтижесі.
Сондай-ақ ол тікелей әуе қатынасы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, туристік, гуманитарлық және өңіраралық байланысты дамытуға серпін беретінін атап өтті.
Бұдан бөлек, жаңа бағыт Қазақстан мен Моңғолия арасындағы көлік байланысын нығайтуға ықпал етпек.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу