Аstana Winter Marathon-2018 қысқы марафоны аяқталды

769

Марафонға 1600-ге жуық елорда тұрғыны қатысты.

Аstana Winter Marathon-2018 қысқы марафоны аяқталды

Бүгін 1600-ге жуық елорда тұрғыны Аstana Winter Marathon-2018 шарасына қатысты. Сондай-ақ еліміздің тағы бірнеше қаласында 300-ге тарта адам белгіленген қашықтықты жүгіріп өтті, деп хабарлайды 24.kz.

Айта кетейік, қысқы марафон осымен екінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Ереже бойынша шараға 12 мен 74 жас аралығындағы қатысушылар жіберілді. Олар 42, 21, 10 және 5 шақырым қашықтықты жүгіріп өтуге тиіс болған. Бірақ аязға байланысты 42 шақырым 21-ге қысқартылды. Дегенмен қатысушылардың барлығы да  марафонды ойдағыдай жүгіріп өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыс бұқаралық спортты дамытып, салауатты өмір салтын насихаттауды көздейді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу