5 маусым мен 15 тамыз аралығында Тұран және Қабанбай батыр даңғылдарының қиылысында орналасқан "Астана жұлдызы" монументіне жөндеу-қалпына келтіру жұмысы жүргізіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жұмыс тарихи-мәдени мұраны сақтау және нысанның тиісті жай-күйін сақтау мақсатында жоспарланған.
"Астана жұлдызы" монументі – елорданың ең танымал нышандарының бірі. Үш 40 метрлік, жұлдызбен көмкерілген стеладан тұратын композиция халықаралық әуежай жағынан қалаға кіреберісте келушілерді қарсы алады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу