Астанада "Қарызды өсімақысыз төле" акциясы басталды

838

Астанада "Қарызды өсімақысыз төле" акциясы басталды

"Астана су арнасы" сумен жабдықтау және су ағызу қызметтерін тұтынушылар үшін "Қарызды өсімақысыз төле" акциясы бастады, деп хабарлайды astana.gov.kz.

Суық су және су ағызу қызметтері үшін қарызын өтеген қала тұрғындарына, соның ішінде үстіміздегі жылдың 31 желтоқсанына дейін осы жылғы желтоқсан айына есептелген соманы қосқанда, өсімақы алынып тасталады. Бұл 2017 жылғы қаңтардың түбіртектерінде көрініс табатын болады.

Еске салсақ, "Астана су арнасы" жеке тұлғаларға арнап "Келісімшарт жаса" акциясын өткізуде. Ол орталықтандырылған сумен жабдықтау және кәріз жүйесі қызметтерін келісімшартсыз тұтынып жүрген тұтынушыларға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу