Астанада "Жан жылуы" қайырымдылық акциясы өтіп жатыр

1752

Астанада "Жан жылуы" қайырымдылық акциясы өтіп жатыр

"Алматы" ауданының ардагерлер кеңесі әлеуметтік аз қамтылған, жалғызілікті зейнеткерлерге қайырымдылық акциясын өткізіп жатыр.

Акцияның алғашқы толқыны аудандық Ардагерлер кеңесінің Президиум мүшелері, сонымен қатар ардагерлер бастауыш ұйымының төрағаларымен  22 қарт-қарияның үйіне барып, кездесу өткізді, деп жазады әкімдіктің ресми сайты.

Аталған акцияның басты мақсаты – әлеуметтік және психологиялық көмекке зәру, өмір жолында қиын жағдайға түскен, жалғыз тұратын зейнеткерлерді анықтау, сондай-ақ қол ұшын беру, олардың түрлі әлеуметтік сұрақтарының шешімін табу, мұндай адамдардың өмірін қандай да жолмен жеңілдету.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу