Астанада "102" операторын балағаттаған ер азамат сотталды

297

Іс "Билік өкiлiн қызмет атқару кезiнде қорлау" бабы бойынша қозғалған.  

Астанада "102" операторын балағаттаған ер азамат сотталды Фото: polisia.kz

Астана қаласының тұрғыны полицияның "102" шұғыл арнасына қоңырау шалу барысында операторды балағаттаған. Іс сотқа жетіп, үкім шығарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тәулік бойы жұмыс істейтін шұғыл жәрдем қызметкерін балағаттаған астаналықтың үстінен "Билік өкiлiн қызмет атқару кезiнде қорлау" бабы негізінде іс қозғалған.

Бас прокуратураның хабарлауынша, сот барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеді.

Сот үкімімен тәртіп бұзушыны 30 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды.

"Астана қаласының прокуратурасы төтенше қызметтердің қызметкерлері күн сайын азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, өз міндеттерін жоғары жауапкершілікпен атқаратынын еске салады. Билік өкілін қызметтік міндеттерін атқару кезінде қорлау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады", – деп ескерті Бас прокуратура өкілдері. 

Үкім заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу