Бұл туралы Kazakh Invest компаниясының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Тараптар келісімге "Қытай-Орталық Азия" форумында қол қойды. Айрықша жоба озық телекоммуникациялық шешімдерді енгізуге бағытталған.
10G – үйлер мен кеңселерде қолданылатын жылдамдығы секундына 10 гигабитке дейінгі сымды интернет. Бұл атау 4G/5G сияқты 10-ұрпақ емес, жылдамдықты білдіреді. Мұндай интернет өте жылдам ғана емес, сонымен қатар ең аз кідіріс пен жоғары тұрақтылыққа ие болады.
10G интернет – бұл жаңа технология, кейбір елдер оны пилоттық жобалар түрінде енгізіп жатыр. Мысалы, АҚШ, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Франция, Германия.