Астанада 1150 ана мен нәрестеге "Дәрі-дәрмек қобдишасы" берілмеген

208

"Дәрі-дәрмек қобдишасы" перзентханада босанған әр әйелге тегін беріледі.    

Астанада 1150 ана мен нәрестеге "Дәрі-дәрмек қобдишасы" берілмеген Фото: satu.kz

Мұндай заңсыздықтарды Нұра аудандық прокуратурасы анықтады.

Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Астана қаласы Нұра ауданының прокуратурасы қадағалау барысында денсаулық сақтау және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласында заң бұзушылықтар анықтады.

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекстің 5-бабының 3) және 4) тармақтарына сәйкес, ана мен баланы қорғау және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.

Перзентханадан шығатын кезде 1150 ана мен нәрестеге арналған "Дәрі-дәрмек қобдишасы" тегін жиынтығы берілмегені анықталды. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша анықталған бұзушылықтар жойылып, дәрі-дәрмек қобдишаларымен барлығы қамтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу