Елордада 15 адамды алдап, 21 млн теңгеден астам ақша алған жалған жөндеуші сотталды

276

Жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеу туралы талап қанағаттандырылды.

Елордада 15 адамды алдап, 21 млн теңгеден астам ақша алған жалған жөндеуші сотталды Фото: abaidan.kz

Астана тұрғыны Instagram әлеуметтік желісінде тартпалы төбе орнату, жиһаз жасау және сату қызметтерін ұсынатыны туралы хабарландыру жариялаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алайда тапсырыс берушілерден алдын ала төлем алған соң, олармен байланысын үзген.

Осылайша ол 15 азаматты алдап, жалпы сомасы 21 млн теңгеден астам қаражатты иемденген.

Мемлекеттік айыптаушы сотта оның кінәсін толық дәлелдеді. Сот үкімімен ер адам 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ жәбірленушілердің материалдық шығынды өндіру туралы азаматтық талаптары қанағаттандырылды. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды әлеуметтік желілер арқылы тауарлар мен қызметтерге тапсырыс бергенде сақ болуға шақырды. Алдын ала төлем жасамас бұрын орындаушы туралы ақпаратты тексеріп, пікірлерді зерттеу және оның байланыс деректерінің бар екеніне көз жеткізу ұсынылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу