Астанада 15-қабатта пәтер өртеніп, 3 бала қаза тапты

97

Өрттің шығу себебі анықталуда.

Астанада 15-қабатта пәтер өртеніп, 3 бала қаза тапты Фото: Бейнежазбадан

Бүгін түнде Астана қаласы Есіл ауданы, Түркістан көшесінде 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерде өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Хабарлама түскеннен кейін ТЖМ күштері мен құралдары оқиға орнына жедел жетті. Алғашқы бөлімшелер келген кезде пәтерде ашық жану орын алғаны анықталды.

"Өртті сөндіру барысында жанып жатқан пәтерден күйік алған әйел құтқарылып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Ол №1 Көпсалалы қалалық ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнынан 3 кәмелетке толмаған баланың денесі табылды," – делінген хабарламада. 

ТЖМ күштерімен жоғарғы қабаттардан 20 адам эвакуацияланды, тағы 40-қа жуық адам ғимараттан өз бетінше шықты. Өрт толық сөндірілді. 

Сондай-ақ әкімдік мәліметінше, зардап шеккен әйелге және қаза болғандардың отбасына қажетті жан-жақты көмек көрсетіледі. Жағдай бақылауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу