Астана қаласында 15 наурыз күні өтетін республикалық референдумге байланысты қалалық, экспресс және қала маңындағы автобус бағыттарында жол жүру тегін болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл шара азаматтардың қатынауын жеңілдету және дауыс беру учаскелеріне жетуді оңайлату үшін қабылданды.
Қоғамдық көлік белгіленген кестеге сәйкес штаттық режимде – сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.
Ал 16 наурыздан бастап қоғамдық көлік қалыпты режимде қызмет көрсетеді.
Жолаушылар осы ақпаратты ескергені жөн.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу